«Nur Otan» партиясы мектеп ғимаратын жөндеуден өткізді

«Nur Otan» партиясы мектеп ғимаратын жөндеуден өткізді

«Nur Otan» партиясы мектеп ғимаратын жөндеуден өткізді
ашық дереккөзі
304
Бөкей ордасы ауданына қарасты Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және екі ғимарат арасындағы жабық өту ғимаратын салу туралы «Nur Otan» партиясының атына өтініш түскен болатын.          Аудандық филиал төрағасы Н.Рахымжанов ең алдымен Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмысымен және екі ғимарат арасындағы жабық өту ғимаратымен танысып, мектеп ішін толықтай аралап шықты. Бөрлі ауылындағы  М.Бегалиева атындағы мектеп ғимаратына және екі ғимарат арасындағы жабық өту жолына республикалық бюджеттен – 230 млн 689 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Іс сапар барысында аудандық филиал төрағасы Н.Рахымжанов мердігермен және жұмысшылармен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Қазіргі таңда аудан көлемінде 6 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған аудан бойынша 97 адам жұмысқа тартылды.  

Серіктес жаңалықтары