Елжан Біртанов министр лауазымынан босатылу себебін түсіндірді

Елжан Біртанов министр лауазымынан босатылу себебін түсіндірді

Елжан Біртанов министр лауазымынан босатылу себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
Елжан Біртанов Мемлекет басшысынан Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатуды өзі өтінген. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.  «Құрметті әріптестер мен достар! Бүгін мен Мемлекет басшысынан денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатуды сұрадым. Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаннан кейін ауру күрделі пневмонияға ұласып, қосымша ем-дом қабылдау қажеттігі туды», - деп жазды экс-министр Facebook парақшасында. Оның жазуынша, қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты саланы толыққанды басшы басқаруы керек. «Министрлік деңгейінде де, аймақтар деңгейінде де солай есептеймін. Біздің денсаулық сақтау жүйесі түскен жүктемені еңсеретініне сенімдімін. Оған уақыт және әрбіріміздің күш-жігеріміз керек. Өз әріптестерімнің бәріне денсаулық пен табандылық тілеймін», - дейді Елжан Біртанов. Жазба соңында Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беріп, сенім білдірген Мемлекет басшысына алғысын айтты. Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып, оның орнына бүгін Алексей Цой тағайындалды.