42 500 теңге тағы төлене ме ‒ министр жауап берді

42 500 теңге тағы төлене ме ‒ министр жауап берді

42 500 теңге тағы төлене ме ‒ министр жауап берді
ашық дереккөзі
266
Төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленген 42 500 теңге әлеуметтік көмек тағы беріле ме? Бұл сауалға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді.  «Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сату есебінен түскен қаражат пайдаланылған болатын», - деді министр. Б.Нұрымбетовтің айтуынша, бұл әлеуметтік төлем тағайындау жұмыстары кезінде министрлікке Ұлттық банк көп көмек көрсеткен. "Ұлттық банк қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Сол себепті бүгінгі күні Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр», - деп түсіндірді ведомство  басшысы. Айта кетейік, бұған дейін министр жыл басынан бері 6,3 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеген болатын.  

Серіктес жаңалықтары