Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметіне бір тәулікте 4,5 мың өтініш түскен

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметіне бір тәулікте 4,5 мың өтініш түскен

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметіне бір тәулікте 4,5 мың өтініш түскен
ашық дереккөзі
Елордада жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны артты. Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 4,5 мыңға дейін жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты. «Қызмет көрсетілген шақыртулардың саны 18 мыңға жуықтап, кеше 2,8 мың болды. Соның ішінде аптасына коронавирус індетіне байланысты 4 438 қоңырау шалынды. Кеше 1300 шақырту болды», - деді басқарма басшысы. С.Қисықованың айтуынша, жедел жәрдем базасында аумақтық емханалардың орта медициналық қызметкерлерінің байланыс орталығы ұйымдастырылды. Онда күн сайын орта есеппен 500-ге дейін қоңырау шалынады. Негізінен сұрақтар коронавирус инфекциясына қатысты. Сонымен қатар, басқарма басшысы алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында, аумақтық емханаларда қосымша және жаңа жедел жәрдем топтарын құру туралы шешім қабылданғанын жеткізді. «Жалпы, жедел жәрдем телефон қоңырауларына қызмет көрсету үшін күн сайын шамамен 150-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр», - деді ол.