ҰБТ: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды

ҰБТ: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды

ҰБТ: Мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды
ашық дереккөзі
267
ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны бөлек, басқа күні тапсыра алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар емтиханды өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттер мен Арнайы бақылау тобы өкілдерінің ұсынысымен екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды. Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері болып қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері бекітілді. Сондай-ақ тестілеу өткізу пунктеріндегі бақылауды күшейту мақсатында, ҰБТ өткізу барысында тәуекелдер орын алуы мүмкін өңірлерге Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері жіберіледі. Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейне-трансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың мәлімдеуінше, бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қ., Ақсуат а., Шәуілдір а.) және 2 шілде күндері (Жетісай қ.) тестілеуді тапсыру мүмкіндігіне ие болады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады. Естеріңізге салайық, биыл мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихандарды тапсырудан босатылды, талапкерлерге калькулятор пайдалануға рұқсат берілді, сондай-ақ тестілеу уақыты ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары