Мәскеудегі парад: Қ.Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті

Мәскеудегі парад: Қ.Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті

Мәскеудегі парад: Қ.Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
Қазақстанның әскерилері Жеңістің 75 жылдығына арналған парадта Қызыл алаңмен жүріп өтті.  Әскерилердің мерекелік топтары алфавит тәртібімен өтті. Үндістаннан кейін Қазақстанның 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері Қызыл алаңмен жүріп өтті. Оларды бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты. Ал диктор қазақстандық әскерилерді "Республиканың Қарулы Күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырды, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мерекелік топ Қызыл алаңмен жүріп өткенде мінберде отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрып, қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті. Айта кетейік, Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына алдын ала барған. Оларды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастап барды. Мәскеуге шығардың алдында барлығы карантинде отырып шықты. Салтанатты шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысып отыр. Оған ресейлік әріптесі Сергей Шойгу арнайы шақыру жіберген. Ал Қазақстан президентін Ресей басшысының шақыруымен барды.