Мақтаарал тұрғынының көлігінен 2,6 млн теңге ұрлаған ұры елордада ұсталды

Мақтаарал тұрғынының көлігінен 2,6 млн теңге ұрлаған ұры елордада ұсталды

Мақтаарал тұрғынының көлігінен 2,6 млн теңге ұрлаған ұры елордада ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері көлік ішінен 2.6 миллион ақша жымқырған ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Мақтаарал АПБ-не “Daewoo Gentra” маркалы көліктің жүргізушісі, жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, базар жанына қойып кеткен көлігінің алдыңғы орындығында тұрған 10 000 теңгелік сұр сөмкесі мен ішіндегі 2,6 миллионнан астам ақшасын, алтын бұйымдарын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт полиция бөліміне 188-бап “Ұрлық” бойынша тіркелді. Күндізгі уақытта орын алған осы ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел әрекетке кірісті. Базар жанын түгел қарап, камераларды тексеріп шықты. Нәтижесінде жәбірленушінің сөмкесі базар маңынан табылып, ішіндегі 2,6 миллион теңге ақшасын асығыс алған ұры, алтындарын байқамай қалдырып кеткені белгілі болды. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктінің жеке-басы анықталып, іздеу жарияланды. Полиция бөлімінің қызметкерлері атқарған тындырымды іс-әрекеттің арқасында осы ұрлыққа қатысы бар күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан қашып жүрген жерінен құрықталды. Тергеу барысында анықталғандай жәбірленуші тұрғын көлігінің есігін кілттемей кеткен. Соны пайдаланған жас жігіт, көлікке ұрлыққа түскен. Ұрлап алған ақшасын ойынға салып, ұтылып қалған. Ізін жасыру мақсатында басқа қалада жұмыс істеп, қашып жүрген.  Бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтайды. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға көліктеріңізді бес минутқа шықсаңызда ашық қалдырмаңыздар, дабылқаққыш орнатыңыздар деп ескертеді.