268
Үкімет басшысы маска тақпағаны үшін айыппұл төлейді
Үкімет басшысы маска тақпағаны үшін айыппұл төлейді

Бішкектің бас санитар дәрігері Кубан Кундашев пандемия кезінде санитарлық талаптарды сақтамаған Қырғызстан Республикасы үкіметі аппаратының қызметкерлеріне айыппұл салды, – деп жазды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Құқық бұзу туралы кодекстің 150-бабы «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттердің, санитариялық ережелердің, гигиеналық нормативтердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу» бойынша министрлер кабинетінің басшылығына, хатшылық және Қырғызстан Республикасы үкіметі аппараты қызметкерлеріне 5 мың сомнан айыппұл салынды.
Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Үкімет үйінің алдында түсірілген сурет пайда болған еді. Онда Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов, үкіметтің бұрынғы басшысы Мухаммедкалый Аблгазиев, вице-премьер-министрлер, сондай-ақ Қырғызстан үкіметі аппаратының қызметкерлері көрсетілген. Олардың барлығы медициналық маска тақпаған.
Кейінірек Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің отырысында үкімет мүшелерінен маска режимін бұзғаны үшін айыппұл төлеуін талап еткен.