Камалжан Надыров коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

Камалжан Надыров коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

Камалжан Надыров коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды, – деп жазды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Алматыда аурудың өскені байқалып тұр. Сондай-ақ коронавирустың ауыр түрімен ауыратын науқастар саны да артты. «Бүгін мен коронавирустың ауыр түрімен науқастанған азаматтарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырдым. Өздеріңіз білетіндей, мен осы инфекциямен ауырдым және менің плазмам осы індеттің ауыр түрімен ауыратын пациенттерді емдеуге көмектеседі деп ойлаймын. Жұқтырғандар үшін қолданылатын бұл әдіс тірі вакцинаның әсеріне ие және көпшілікке сауығып кетулеріне көмектеседі. Донор болу – әрбір адамның парызы. Қазір Алматыда 2 мыңнан астам адам емделіп шықты. Мен әрбір ауырып жазылған адамды Covid-19 антиденесіне қан тапсыруға шақырамын. Осылайша, коронавирустан емделіп жатқан көптеген адамдарға, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқасқа көмектесуге болады. Процедура қауіпсіз өтеді. Дәл қазіргі жағдайда – вируспен күрес жағдайында барлығымыз бірігуіміз керек. Мемлекет жұқпалы аурумен күресуде үлкен көмек көрсетуде. Біз барлық қиындықтарды лайықты түрде жеңе аламыз деп сенемін», – деді Алматы қалалық басқарма басшысы. Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың антиденелерін алу процесі басталғанын айта кеткен жөн. Бұл процедураны қалаушылар Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткізе алады. Республикалық қан орталығының директоры Дилявер Бекировтың айтуынша, бір ай ішінде 24 адам плазма тапсыруға өтініш білдірген. Бірақ тек үшеуі ғана донор болды, себебі оларда COVID-19 антиденелерінің жоғары титрі анықталған. Камалжан Надыров барлық белгілер бойынша донор ретінде сәйкес келді, өйткені оның ағзасында антиденелердің жоғары титрі анықталды. Плазмаферез (плазма дайындау) процедурасы барысында бір донордан 600 мл плазма алады, жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Плазманың мұндай көлемін алу донорға ешқандай зиян келтірмейді. Бұл плазманың әсері пассивті иммундауға негізделген, яғни дайын антиденелер қанға ауыстырылады және осылайша пациенттің вирусын бейтараптандырады.