Дала өрті: Шығыс Қазақстанда 100 гектардан астам аумақ өртеніп кетті

Дала өрті: Шығыс Қазақстанда 100 гектардан астам аумақ өртеніп кетті

Дала өрті: Шығыс Қазақстанда 100 гектардан астам аумақ өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысының 4 учаскесінде 103 гектар аумақтағы құрғақ шөп жанып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ең үлкен өрт Семей өңіріндегі Жиенәлі ауылдық округінде болған. Сары Биік учаскесіндегі жалын 45 гектар аумаққа таралған. Семей қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің 7 қызметкері тілсіз жаумен түні бойы арпалысып, таңғы сағат 8-де ауыздықтады. «Жиенәлі ауылдық округінің Байғазы учаскесінде де құрғақ шөп жанған. Мұнда өртті ауыздықтауға 4 адам тартылды. 45 гектар аумақтағы жалын сағат 5.43-те сөндірілді. Күршімнің Юбилейный учаскесіндегі 10 гектар жердегі қурайларды да жалын шарпыды. Мұнда 13 жергілікті тұрғын өртті сөндіруге көмектесті. Үйлесімді жұмыстың арқасында өрт бір жарым сағат ішінде толығымен сөндіріліп, одан әрмен таралмады. Өрт сөндірушілер осылайша жалынның жолын кесті», – делінген хабарламада.