Коронавируспен күрес: белсенді азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Коронавируспен күрес: белсенді азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Коронавируспен күрес: белсенді азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды
ашық дереккөзі
ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Біз Біргеміз» онлайн-форумында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және пандемия мен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс істегені үшін республика бойынша түрлі саланың 343 маманы марапатталды. Олардың арасында 60 дәрігер, 39 полицей, 30 әскери қызметші, 41 волонтер, 34 меценат, 38 мәдениет және білім өкілдері, 25 БАҚ қызметкері бар. Марапатты ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Алексей Цой, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігің төрағасы Анар Жайылғанова табыстады.