"Орын жоқ": Атырауда коронавирус жұқтырғандарды Махамбет ауданына жөнелтіп жатыр

"Орын жоқ": Атырауда коронавирус жұқтырғандарды Махамбет ауданына жөнелтіп жатыр

"Орын жоқ": Атырауда коронавирус жұқтырғандарды Махамбет ауданына жөнелтіп жатыр
ашық дереккөзі
474
Атыраудағы ауруханада COVID-19 індетін жұқтырған науқастар  саны болжанған межеден асып кетті, деп хабарлайды ATPress. Облыстық №2 аурухана 180 төсек-орынға есептелген, бірақ қазір мұнда 200-ге жуық науқас бар. Сыймаған науқастарды орналастыру үшін Махамбет туберкулез ауруханасында 100 орындық тағы бір бөлім ашылған. "Жағдай өте ауыр, жұмыс күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Осыған қарамастан, медицина қызметкерлері келгендердің барлығын қарап, емдейді. Олардың арасында ауыр науқастар бар, оларды біз жансақтау бөлімшелеріне және жұқпалы аурулар ауруханаларына жібереміз", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. Соңғы тәулікте өңірде 16 адамнан індет анықталып, коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1402-жетті. Ал республика бойынша індет жұқтырудың 446 жаңа дерегі тіркеліп, өсім  2,7 пайызды құрады.  

Серіктес жаңалықтары