Сербия және Түркіменстан президенттері Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Сербия және Түркіменстан президенттері Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Сербия және Түркіменстан президенттері Елбасының сауығып кетуіне тілектестік білдірді
ашық дереккөзі
222
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының президенті Александр Вучич пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Elbasy.kz. Сербия президенті Александр Вучич Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. «Өзіңізге тән энергия, күш-қайрат және оптимизм коронавирустан күштірек болады деген сеніммен Сізге қолдау білдіргім келеді. Жақын арада халықаралық қауымдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың көмегімен пандемияны еңсереді және кедергісіз әлеуметтік-экономикалық даму жолына қайта оралады деген үміттемін. Айығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін. Менің зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз», - делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атына Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен жеделхат келіп түсті. Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. «Өмірлік энергияңыз бен ерік-жігеріңіздің арқасында Сіз бұл дертті қысқа мерзімде еңсересіз деп сенемін. Сізді барынша қолдауға және қажет болған жағдайда көмектесуге дайынмын. Шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла Тағала Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр берсін», - делінген жеделхатта.  

Серіктес жаңалықтары