Ертең ҰБТ басталады: барлық санитарлық талаптар сақталады

Ертең ҰБТ басталады: барлық санитарлық талаптар сақталады

Ертең ҰБТ басталады: барлық санитарлық талаптар сақталады
ашық дереккөзі
Ертең, 21 маусым күні Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Алматы қаласында бірінші легке енген 235 адам емтиханды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тапсырады. Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен тұратын барлық жағдайлар жасалған: – баррикадалық шектеу ленталары орнатылды және тест тапсырушылар арасында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есеге азайтылды (50 пайызға). Ол үшін 15 аудитория әзірленді; – тепловизорлар; – бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы; тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар; – дезинфекциялау түнелі; – жедел жәрдем көлігі; – дезинфекциялық төсеніштер; – қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер; – санитайзерлер; – медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры; – мемлекеттік комиссия мүшелері үшін маскалар; – барлық аудиторияда бейнебақылау камералары орнатылған. Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық-пидемиологиялық жағдайын бақылайтын болады.