COVID-19: Елордада жылжымалы зертханалар іске қосылады

COVID-19: Елордада жылжымалы зертханалар іске қосылады

COVID-19: Елордада жылжымалы зертханалар іске қосылады
ашық дереккөзі
Елордада келесі аптада ПТР тестін алатын мобильді зертханалар тестік режимде іске қосылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. «Вирус ешқайда кеткен жоқ. Қазір ең бастысы – қосымша төсек-жабдықпен, медициналық препаратпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Мен қалалық және жеке емханалар мен ауруханалардың, зертханалар мен дәріханалардың басшыларымен онлайн кездесу өткіздім. Біріншіден, зертханалар келесі аптадан бастап, қуаттылығын арттырады. Мәселен, «Invivo» зертханасы тест көлемін тәулігіне бір мыңнан екі мыңға дейін көбейтеді. «Олимп» адам санының көптігінен және жүйені өңдеу үшін жұмысын сейсенбіде бастайды, олар да жұмыс әлеуетін арттырады. Бұл басқа зертханаларға қатысты», - деп жазды әкім өзінің Инстаграм парақшасына. Екіншіден, әкім тестік режимде мобильді зертханалар іске қосылады. Бұл арқылы таңы бір мың тест қамтамасыз етіледі. «Бір топ медициналық қызметкер арнайы оқудан өтіп, ПТР-тест алып, нәтижесін өңдеуді үйренді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады», – деді А. Көлгінов.