ІІМ қызметкерлері Елбасына қолдау білдірді

ІІМ қызметкерлері Елбасына қолдау білдірді

ІІМ қызметкерлері Елбасына қолдау білдірді
ашық дереккөзі
ҚР ІІМ қызметкерлері коронавирус инфекциясы анықталған Елбасына қолдау білдірді. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы құқықтық жүйені қалыптастыруға және құқық қорғау органдарының дамуына ерекше көңіл бөліп, мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз етуді және азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды мақсат етіп келеді», – деп жазылған хатта. Сондай-ақ, полицейлер, құтқарушылар, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Елбасына тез арада сауығуды тіледі: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз өзіңіздің батылдығыңызбен, рухыңыздың күштілігімен бізді шабыттандырасыз. Сіздің даналығыңыз бен көрегенділігіңіз ертеңгі күнімізге сенім береді. Сіз қазіргі қиын кезеңде, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен медицина қызметкерлері ел қауіпсіздігі үшін дамылсыз қызмет етіп жатқан кезде бізге үлкен қолдау білдірдіңіз. Бүгін біз, еліміздің полицейлері, Тұңғыш Президентімізге қолдау білдіргіміз келеді. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы – полицейлер, құтқарушылар, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Елбасына тез арада сауығуды тілейді».