Министр заң көмегін ақысыз алу тәртібін түсіндірді

Министр заң көмегін ақысыз алу тәртібін түсіндірді

Министр заң көмегін ақысыз алу тәртібін түсіндірді
ашық дереккөзі
Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекет тарапынан кепілдік берілген заң көмегі аясында 2019 жылы 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмек алғанын айтты. Бұл көмекті адвокаттар бюджет қаржысы есебінен атқарады. Оның сөзіне қарағанда, қаржыны тиімді жұсау, сондай-ақ адвокаттарды тағайындаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан кепілдік берілген заң көмегін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі аясында адвокаттарды тағайындау автоматты таңдау жолымен іске асырылады. Сонымен қатар, азаматтар осы жүйе арқылы онлайн консультация алу мүмкіндігіне ие болады. «2019 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік әрі қаржылық жағынан қиындыққа тап болған азаматтарға ақысыз кешенді әлеуметтік заң көмегін алу қарастырылған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл қызмет халық арасында айтарлықтай сұранысқа ие», – деді Бекетаев.