Педагог құқығын бұзған бірқатар басшы жауапқа тартылды – БҒМ

Педагог құқығын бұзған бірқатар басшы жауапқа тартылды – БҒМ

Педагог құқығын бұзған бірқатар басшы жауапқа тартылды – БҒМ
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалғанын хабарлады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткен. Сондай-ақ, Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзінің қызметіне жатпайтын функцияларды жүктеген. «Мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақтылы төленбегені үшін Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, мектеп жөндеуге қаражат жинау фактісі бойынша Павлодар қаласының мектеп директоры жауапқа тартылды», – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында. ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық департаментке хабарласқан жөн екендігін еске салады.