Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды

Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды

Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова осылай мәлімдеді. «Зертхананың 20-дан астам қызметкері індет жұқтырды. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істеді. Олар да адамдар, робот емес, үнемі вирус ошағында жүр», – деді Сәуле Қисықова. Оның сөзіне қарағанда, бұрын қалада бір ғана зертхана болса, қазір күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымдағы жағдай бойынша, шамамен 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР-тестілері мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, Сovid-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Елордада бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 2951 адамнан анықталды. Оның ішінде жазылғандар саны – 2055, қайтыс болғаны – 15 науқас.