Мұғалімдердің демалыс ақысын уақытылы төлемеген басшылар жазаланады

Сондай-ақ!

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің саунада демалып...

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылатынын хабарлады. 2021 жылдың 1 наурызына дейін қырғыз-қазақ шекарасындағы «Қарқара автожолы» – «Кеген автожолы» бақылау-өткізу бекеті уақытша...

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат жиналысында мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысының уақытылы төленуін тексеріп, қысқа мерзім ішінде тиісті шаралар қолдануды тапсырды. 

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

1-16 маусым аралығында Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері тиісті мониторинг жүргізді. Олардың мәліметтері бойынша, еңбек демалысына шыққан педагогтердің 93%-ы демалыс ақысын уақытылы алды. Қалған 7%-ына уақытылы төлемегені анықталды.

Жұмыс берушілер мұғалімдерге еңбек демалысының төлемін кешіктіргені немесе төлемегені үшін заңға сәйкес жазаланады.

«Министрлік мұғалімдердің шағымдарын қарастырып, демалыс ақысын төлеу бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бюджетте жалақыға да, еңбек демалысы ақысына да қаражат қарастырылған. Яғни ақша бар, бірақ кейбір аймақтарда төлемнің уақтылы жасалмағаны анықталды», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек. Б

ілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне еңбекақыны уақытылы төлемеу, оның ішінде мұғалімдерге төленетін демалыс ақысы туралы фактілерді тиісті шара қолдану үшін облыстық мемлекеттік еңбек инспекцияларына жіберуді тапсырды.

«Заңға сәйкес мектептер мен балабақшалардағы педагогтерге жалақы төлеу тікелей ауданның немесе қаланың бюджетінен жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн. Бюджеттік жоспарлау және төлемдерді ұйымдастыру – қалалар мен аудандар әкімдіктерінің құзыретінде. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңының 12-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған әлеуметтік кепілдіктерге педагогке 56 күнтізбелік күнге төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, сондай-ақ күнтізбелік жылда еңбек демалысы кезінде кемінде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде денсаулығын жақсартуға берілетін жәрдемақы кіреді», делінген хабарламада.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен теңестірді

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің...

Түркістан әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық лоукостер Fly Arystan компаниясының Түркістан мен...

Саунада мақтанған судья қызметінен кетті (видео)

Әлеуметтік желілерде саунада демалып отырған судья мен прокурордың видеосы тараған болатын. Жазба...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...