COVID-19: Мағзұм Мырзағалиев оқшауланды

COVID-19: Мағзұм Мырзағалиев оқшауланды

COVID-19: Мағзұм Мырзағалиев оқшауланды
ашық дереккөзі
ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус қаупіне байланысты оқшауланды. «Мағзұм Маратұлы өткен жұма күні Денсаулық сақтау министрімен бірге ұшып келді. Сондықтан байланыста болған тұлға ретінде оқшауланды. Министр тест тапсырды, нәтижесі теріс. Апта соңында тағы тапсыратын болады. Дегенмен, ол барлық жұмыс жиналыстарын, келіссөздерді онлайн режімде өткізіп жатыр», – деді министрдің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.