«Рахат» фабрикасының 500-ге жуық қызметкерінен коронавирус табылды

«Рахат» фабрикасының 500-ге жуық қызметкерінен коронавирус табылды

«Рахат» фабрикасының 500-ге жуық қызметкерінен коронавирус табылды
ашық дереккөзі
Алматы бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «Рахат» фабрикасындағы ахуалға қатысты түсінік берді, – деп жазды ҚазАқпарат. Мұның алдында «Рахат» фабрикасында коронавирус инфекциясы табылуына байланысты фабрика жұмысы тоқтатылғанын жазған болатынбыз. «Рахат фабрикасында 30 мамыр мен 4 маусым аралығында 10 адамнан КВИ анықталған. Бірінші, фабриканың бір қызметкері жоспарлы операцияға түскен кезде одан вирус табылған. Кейін зауытқа кіреберісте тұрған тепловизор арқылы тағы 8 адамның қызуы жоғары екені анықталды. Сол сәтте жедел жәрдем шақырылған. Қызуы көтерілген жұмыскерлердің барлығында коронавирус инфекциясы бар екені анықталды», – деді ол. Оның айтуынша, фабриканың 1500-ге жуық қызметкері тексерілген. Олардың ішінде 467 адамнан вирус табылды. Оларда симптом белгілері болмаған. Олардың барлығы үй карантиніне жіберілді.