Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Сенаттан кететін 17 депутаттың есімі аталды

Биылғы жылдың 15 қазанында Парламент Сенатының 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады. 

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, депутаттық өкілеттігі аяқталатын сенаторлар мыналар:

Рашит Әкімов (Ақмола облысынан),

Марат Тағымов (Ақтөбе облысынан),

Аңсар Мұсаханов (Алматы облысынан),

Сәрсенбай Еңсегенов (Атырау облысынан),

Сергей Плотников (Шығыс Қазақстан облысынан),

Мұратбай Жолдасбаев (Жамбыл облысынан),

Ерболат Мұқаев (Батыс Қазақстан облысынан),

Сергей Ершов (Қарағанды облысынан),

Серік Бектұрғанов (Қостанай облысынан),

Бекмырза Еламанов (Қызылорда облысынан),

Михаил Бортников (Маңғыстау облысынан),

Манап Көбенов (Павлодар облысынан),

Ольга Перепечина (Солтүстік Қазақстан облысынан),

Әли Бектаев (Түркістан облысынан),

Серік Жақсыбеков (Нұр-Сұлтан қаласынан),

Төлеубек Мұқашев (Алматы қаласынан),

Айгүл Қапбарова (Шымкент қаласынан).

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button