Баянауылда елордалық студент суға батып кетті

Баянауылда елордалық студент суға батып кетті

Баянауылда елордалық студент суға батып кетті
ашық дереккөзі
Қайғылы жағдай Торайғыр ауылында тіркелді, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, студент шомылуға арнайы жабдықталмаған орында суға түскен. – Департамент пультіне хабарлама 14:20-да келіп түсті. Екібастұз қаласынан сүңгуірлер тобы оқиға орнына 16:50-де келіп жетті. 17:05-те суға кеткен жігіттің денесін алып шықты. Ол Баянауыл ауданы Лекер ауылының 18 жастағы тұрғыны болып шықты, - деді департаменттен. Жігіт Нұр-Сұлтан қаласының аграрлық университетінде оқыған. Ол көлде достарымен бірге болған. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына шомылуға тыйым салынған жерлерде және жабдықталмаған жағажайларда суға түспеуге кеңес береді.