Еуроодақ елдерінің сыртқы шекарасы қашан ашылатыны белгілі болды

Еуроодақ елдерінің сыртқы шекарасы қашан ашылатыны белгілі болды

Еуроодақ елдерінің сыртқы шекарасы қашан ашылатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Еурокомиссия (ЕК) Еуроодақ елдеріне ішкі шекаралық бақылауды 15 маусымға қарай тоқтатуды және 1 шілдеден бастап сыртқы шекараларды біртіндеп ашуды ұсынды. Бұл туралы Еурокомиссияның ресми сайтында хабарланды. «Кейбір үшінші елдерде денсаулық сақтау саласында жағдай әлі де сын көтермейді. Сондықтан Еурокомиссия бұл кезеңде жалпы сапарға шығуды шектеуді алып тастауды (Еуроодаққа) ұсынып отырған жоқ. Шектеу мүше мемлекеттермен бірлесіп, таңдалған елдерде ғана алынуы тиіс, онда да шынайы критерийлер ескерілетін болады», - делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ, Еурокомиссия үшінші елден ЕО-ға кіруге рұқсат берілетін азаматтар санатын кеңейту қажет деп есептейді. Атап айтқанда, шетелдік студенттерге рұқсат берілмек. Бұдан бөлек, Еуроодақ елдеріне сыртқы шекараны ашқаннан кейін визалық операцияларды қайта жандандыру ұсынылды. Еурокомиссия шектеу ең әуелі эпидемиологиялық жағдайы оңалған мемлекеттерден алынуы тиіс екенін ескертті. Мұндай мемлекеттер тізімі үнемі жаңарып отырады. Айта кетейік, бұған дейін кәрі құрлық мемлекеттері Еуроодаққа мүше елдерге және Шенген аймағына енетін мемлекеттерге шекараларын ашуға қамданып жатқанын хабарлағанбыз.