«Астана Операның» жетекші солисі өмірден өтті

Сондай-ақ!

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews. «Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың бірінде өз қаражаттарына ауыз су құдығын орнатты, деп хабарлайды «Ақ  Жайық» басылымы....

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам қағып өлтіргені жайлы ақпарат тараған еді. «Кокшетау Азия» порталының сюжетіне сүйенсек, дәл...

Бүгін, 10 маусымда «Астана Опера» балет труппасының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Ғатауов қайтыс болды. Жақында белгілі әртіс жол апатына ұшыраған еді.

Тайыр Ғатауовтың есімі қазақстандық балет жылнамасына мәңгілікке жазылды, оның еңбегі баға жетпес: ол елордадағы хореографиялық өнердің негізін қалаушылардың бірі болды. Оның гастрольдік кестесі ауқымды еді, солист Қазақстанның мәртебесін шетелде асқақтатып, Франция, Венгрия, Италия және т.б. елдерде өнер көрсеткен. Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дебюттер достастығы» ТМД жастар сыйлығының лауреаты – оның марапаттар тізімін ұзақ жалғастыра беруге болады.

Тайыр Ғатауов би ұстазының отбасында дүниеге келген, әкесі оған бала күнінен бастап заманауи және халық билеріне деген махаббатты бойына сіңдіріп, А.Селезнев атындағы хореографиялық училищесіне оқуға берген. 2003 жылы училищені үздік тамамдаған соң, Тайыр Күляш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солисі атанды, сол жерде 10 жыл еңбек етті. Ал 2013 жылы «Астана Операның» жетекші солисі болды. 2007 жылы аты аңызға айналған миландық Ла Скала театрында (Италия) тағылымдамадан өтті. 2018 жылы Қазақ ұлттық хореография академиясын тамамдап, «Өнертану ғылымдарының магистрі» біліктілігін алды.

Тайыр Ғатауов жарқын да ұмытылмас бейнелер галереясын жасады. «Астана Опера» өнерсүйер қауымының жадында ол П.Чайковскийдің «Аққу көліндегі» Зигфрид, П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіндегі ханзада Щелкунчик, Л.Минкустың «Баядеркасындағы» Солор, Л.Минкустың «Дон Кихот» балетіндегі Базиль ретінде және өзге де көптеген тамаша партиялармен қала бермек.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы балеттің жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Талғатұлы Ғатауовтың қайғылы қазасына қайғырып, туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы...

Мәжіліс сайлауы: «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы,...

Мемлекет басшысы: Елімізде 800 жаңа мектеп салынады

Республика бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен...

«Nur Otan» партиясының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді

Nur Otan партиясының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының...

Қаражатты және жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару керек – Қ.Тоқаев

Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...