Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Алматы облыстық соты карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Алматы облысының соты карантинге жабылды. Ғимаратқа бөгде адамға кіруге болмайды, істерді қарау кейінге шегерілген. «COVID-19 короновирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты маусым айының 8-і мен 19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі»,- делінген  ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Енді сот ғимаратына белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Облыстық соттың барлық қызметкерлері жеті күн үй карантиніне оқшауланады; облыстық соттың жұмысы қашықтан онлайн режимге ауыстырылып, кеңседегі жұмыс уақытша тоқтатылады; сот істерін қарау мейлінше кейінгі уақытқа шегеріледі. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады; қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 107-бабы негізінде қаралатын материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан жұмыс режимінде қарайтын болады. Айта кетерлігі, облыстық соттағы шектеу шараларының мерзімі мен режимі короновирус инфекциясына қатысты жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.