«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 23 мыңнан адам жұмыспен қамтылады 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен еңбек берешегін болдырмау, сондай-ақ электрондық еңбек шарттары талқыланды.

2019 жылы  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 28 344 адам жұмыспен қамтылып, 5 миллиард теңге қаржы игерілді. Биылғы жылы бағдарлама аясында 23 566 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Жалпы, жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан 11 410 адамның ішінен 6 217-і, яғни 54,5%-ы жұмыспен қамтылды. Есепті кезеңнің соңына жұмыссыздар саны 9 805 адам, – дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Мекемелерден түскен тұрақты жұмыс орындарына 2 344 адам орналастырылды немесе жылдық жоспар 19,5% ғана орындалды. Төмен көрсеткіштер Атырау қаласында 9,8%, Жылыой және Исатай аудандарында 14,8%-ды құрап отыр.

 

Back to top button