Арыс қаласынан 380 мың оқ-дәрі шығарылды

Түркістан облысындағы Арыс қаласынан бір жыл ішінде шамамен 380 мың оқ-дәрі шығарылды. Оның 300 мыңға жуығы жарылу қаупі бар оқ-дәрілер. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты.

Қазақпараттың жазуынша, вице-министр: «Жарылу қаупі бар фрагменттерді тасымалдау үшін автомобильдермен 5 мыңнан астам рейс орындалды. Ал, бұл тек бір жүк көлігі ғана емес. Әскери ғылым ережесіне сәйкес, оқ-дәрілерді қорғау және оған ілесіп жүру жұмыстарын әскери қарулы қарауылдар мен әскери полиция күштері жүзеге асырады», – деп өткен.

Генерал-майор төтенше жағдай орын алғанға дейін де оқ-дәрілерді бытыратып орналастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенін айтады.

«Бұл ретте, өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, борыштарын жоғары кәсіби деңгейде атқарған әскери қызметшілердің батырлығын атап өтпесем болмайды. Сондықтан да, ондаған әскери қызметші наградаларға ұсынылды», – деді Бақыт Құрманбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button