COVID-19: Үндістандағы науқастар саны Италиядан асып түсті

COVID-19: Үндістандағы науқастар саны Италиядан асып түсті

COVID-19: Үндістандағы науқастар саны Италиядан асып түсті
ашық дереккөзі
Үндістан коронавирусты жұқтырғандар саны жөнінен Италияны басып озып, әлем елдері арасында алтыншы орынға шықты. Соңғы дерек бойынша елде індетке шалдыққандар саны 247 мыңнан асып жығылды. Өткен тәулікте 9887 адамнан қатерлі вирус анықталған. Пандемия басталғалы Үндістанда коронавирустан 6929 науқас көз жұмды. Олардың 294-і – соңғы тәулікте қайтыс болғандар. Мемлекетте наурызда карантин енгізілгеннен кейін ірі шаһарларда жұмыс істейтін еңбек мигранттары жақында ғана ауылдарына оралған еді. Індет жұқтырудың жаңа деректерінің  басым бөлігі сол елді мекендерде тіркелуде. Десе де, Үндістан үкіметі өндірісті жандандыру жұмыстарын қолға алды. Ұшақтар ішкі рейстерді орындап, пойыздар жүріп жатыр. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6,9 миллионнан асты. Індет құрбандарының саны 400 121 адамға жетті. Ал Қазақстанда 12694 адамнан қатерлі вирус анықталды. Науқастардың 7135-і емделіп шықты. 53 науқас көз жұмды.