Ермегияев ісі бойынша 12 сотталушы өз кінәсін мойындады
Ермегияев ісі бойынша 12 сотталушы өз кінәсін мойындады
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен компанияның басқа да басшыларының үстінен өтіп жатқан сот жалғасуда. Ермегияев ісі бойынша қамауға алынған 23 адамның 12-сі өз кінәсін мойындады. Тергеу органдарымен ортақ келісімге келген сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктің мерзімін қысқарту үшін қылмысты толық ашуға көмек көрсетпек.
Тергеу органдарымен процессуалдық келісімге келгендер арасында Қажымұрат Үсенов, Сейіт Сейітов, Нұрлан Ақпамбетов, Серік Найзабеков, Марс Шорманов, Алпысбек Тілекметов, Ерлан Тілеуов, Сергей Ильин, Самат Сардарбеков, Талғат Сағындыков, Ренат Ақылбаев бар.
"Жоғарыда аталғандар процессуалды келісімге келіп, өз кінәларын мойындады. Бұл тұлғаларға қатысты келісім тергеудің жан-жақты әрі толққанды жүргізілуіне кедергі келтірмейтін болады", - дейді төрағалық етуші Әділхан Шайхисламов.
Еске сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қаржысын жымқыру ісі бойынша 23 адам сотталып жатыр. 2015 жылы маусымда компанияның экс-төрағасы Ермегияевқа 4,2 миллиард теңге көлемінде заңсыз сыйақы алды, бөтеннің мүлкін иемденді деген айып тағылған.