Жаңа заң: Президенттің өкілеттігі толықтырылды

Сондай-ақ!

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті, – деп жазды elbasy.kz. – Фракция отырысында «Nur...

Алматыда ағаштардың оталуы: Президент кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында...

Президент Қарағандыдағы бірқатар спорт нысанын аралады

Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Нысанның инфрақұрылымы әлемнің...

Украиналық шенеуніктер Қазақстанға жалған ПТР-анықтамамен келіп, Асқар Маминмен кездеспек болды

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген. Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды. Украиналық шенеуніктер...

Cенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. 

Заң жобасының негізгі мақсаты – соғыс жағдайы саласындағы заңнаманы жетілдіру. Бұл елімізде қауіпсіздікке төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс әлеуетін қолдау қажеттігінен туындап отыр.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Соғыс жағдайы туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Білім туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына түзетулер енгізіледі.

«Оның мақсаты – мемлекеттің соғыс жағдайы кезеңінде жұмыс істеуі, сонымен қатар бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу. Әсіресе, «Соғыс жағдайы туралы» Заңда Президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр. Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайы саласын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту болып отыр», – деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов.

Одан басқа Үкімет қызметі мынадай өкілеттікпен толықтырылады: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғаныс саласын қамтамасыз ету міндетін белгілеу.

«Сонымен қатар, соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органның өкілеттігін көздеу, оларға «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесін» құруға өкілеттік беру ұсынылады. Бұл ретте қорғаныс кеңестері әскери басқару органы ретінде соғыс жағдайы саласының орындалуын қамтамасыз етеді. Олар тек соғыс жағдайы кезеңіне құрылады. Сондықтан Қарулы Күштер құрылымына кірмейді», – деп нақтылады ведомство өкілі.

Мұнымен қоса, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» Заңға қорғанысты жоспарлау бойынша бірқатар түзету енгізу ұсынылды. Олар жүйелі түрде, яғни барлық басқару вертикалы бойынша қаралды. Әрбір деңгейге тиісті өкілеттік пен функция енгізіледі. Біріншіден, Президент өкілеттігін қорғанысты жоспарлау қағидасын бекітумен толықтыру ұсынылады. Онда жоспардың құжаттар жинағы, мемлекеттік органның құжатты әзірлеу құзыреті көзделген.

«Әскери қызмет туралы» Заңға запастағы сержантты даярлау бойынша бірнеше түзету енгізіледі. Әскери резервті толықтыру мақсатында әскери кафедрада ақылы негізде запастағы сержантты даярлау ұсынылады. «Білім туралы» Заңға жоғары білім беру ұйымына осы бағдарлама бойынша ақылы негізде запастағы сержантты даярлау өкілеттігін беру арқылы толықтыру ұсынылды», – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев...

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы...

Мәжіліс сайлауы: «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы,...

Мемлекет басшысы: Елімізде 800 жаңа мектеп салынады

Республика бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен...

«Nur Otan» партиясының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді

Nur Otan партиясының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...