Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі сағат 11:57-де жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 235 шақырым қашықтықта Алматы облысы аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 10,5. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.