31 Мамыр, 11:41 966 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгін түнде Алматыдағы блокбекеттер алынады – әкім

Сурет - әкімнің инстаграм парақшасынан алынды
Сурет - әкімнің инстаграм парақшасынан алынды

Алматыда 1 маусымға қараған түні қала бойынша орналасқан барлық блокпостар алынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.

«1 маусымға қараған түні қала аумағы бойынша орналасқан блокпостарды аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажетті шара болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін», – деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, елде, соның ішінде Алматыда жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу алынады.

Қала басшысы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары негізінде жұмыс істейтінін еске салды. Үйлерді, аула алаңдары мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіле береді.

«Белгіленген тәртіпке бағынып, санитарлық гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларын киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», – деп жазды қала әкімі.

 

Соңғы жаңалықтар