ШҚО-да сапбордтағы бойжеткен жағадан алыстап кетті

/
ШҚО-да сапбордтағы бойжеткен жағадан алыстап кетті
ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысындағы көлде сапбордта болған бойжеткен жел салдарынан жағадан алыстап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шалқар көлінде 2003 жылғы бойжеткен сапборд тақтасымен демалуға шыққан. Кенеттен жел күшейіп, жағалаудан алыстаған ол өздігінен кері қайтып келе алмаған.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар демалушыға қауіпсіз түрде жағаға шығуға көмектесті.

"Сақ болыңыздар, құтқарушылардың ұсынымдарын орындаңыздар және демалысты жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеріңіздер. Қолайсыз ауа райы туралы ескерту алған жағдайда суға шығудан және басқа да ықтимал қауіпті әрекеттерден бас тартыңыздар", - деп ескертті ТЖМ өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары