Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 30 тамызда Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Қолайсыз метеожағдай кезінде желдің әлсіреуі, тұман мен температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары