Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
ашық дереккөзі
Бүгін – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Дәл осы күні 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан зардап шеккендерді де еске аламыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келе жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Елбасы: «Этностық және діни тегі бөлек миллиондаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне тү­сіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түр­мелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз». «Халық жауын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.