215
8 маусымда Нью-Йорктегі шектеу шаралары алынады
8 маусымда Нью-Йорктегі шектеу шаралары алынады
8 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы шектеу шаралары алынады. Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді, деп хабарлайды CBS News телеарнасы.
«Қаланың ашылуы бәрі бұрынғыдай болады деген сөз емес. Өмір – өткенге қайта оралу емес, алға жылжу. Қауіпсіздікке баса көңіл бөлінетін болады. Адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска киюге міндетті», – деді губернатор.
Губернатордың айтуынша, 8 маусымнан бастап Нью-Йорк пен штаттың солтүстігінде орналасқан 5 аудан карантиндік шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңіне көшеді. Оған сәйкес, шаштараз секілді шағын кәсіпорындар қызметін қайта бастайды. Шектеу шараларының жеңілдеуіне байланысты аймақта 400 мыңға жуық азамат жұмысқа қайта оралмақ.
Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1,7 миллионнан асып жығылды. Індеттен 102 мыңнан аса адам көз жұмған.
Ал әлем бойынша 5,9 млн адамнан коронавирус анықталды. Қатерлі вирус жұқтырғандардың 365 мыңнан астамы қайтыс болды.