392
Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі
Заманға сай мектеп – сапалы білім негізі
Елімізде білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу, мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мәселесі үнемі басты назарда.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру мекемелерінің бірі – Алматы облысы Сарқан ауданындағы мектепке 10 миллион теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен мектеп ішіне дәретханалар орнатып, ауладағы дәретханаларды алып тастау көзделіп отыр.
Ал Д.Рақышов атындағы мектеп-интернатты жөндеу жұмыстарына 35 млн теңге бөлінді. Талдықорған қаласындағы білім мекемесінің оқу корпусы мен жатақханасының есік-терезесі түгелдей ауыстырылып, төсек-орын жабдықтары толық жаңартылмақ.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін инклюзивті мектеп те күрделі жөндеуден өткізілмек. Мекеменің есік-терезелері, едендері, су құбырлары толық ауыстырылады. Сондай-ақ, спорттық алаң құрылысы жоспарланған.
11 мамырда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жаңарған ғимарат қыркүйек айында пайдалануға беріледі.