319
Аялдамадағы адамдарды қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты
Аялдамадағы адамдарды қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты
Алматыда аялдамада тұрған адамдарды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір жыл бұрын 2019 жылдың 16 наурызында А.А.Типикин көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, өзінің “Тойота Королла” көлігімен жолға шығып, кісі өліміне себепкер болған.
– Бұл қылмыскер, оны тек осылай атауға болады, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін Алматы облысында жүргізуші куәлігінен айырылған, ол сонда да өзіне рөлге отыруға және үйден шығуға рұқсат берген. Жолдың басқа пайдаланушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген ол, Тәттібеков көшесімен шығысқа бет алды. Мас күйінде бірінші қатардан екінші қатарға қысқа қашықтықта маневр жасап, жүргізуші “Пежо” көлігімен соқтығысады. Типкиннің көлігі соққыдан өз траекториясын өзгертіп, аялдамаға кіріп, үш жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Әрі қарай, қалдық инерциямен автокөлік жеке үйдің қоршауын қағып тастайды. Құдайға шүкір, ол жерде ешкімге зиян тигізбеді. Бәрі күндіз, сағат 12: 30-да болады, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының жол-көлік оқиғасын тергеу бөлімі Рауан Манап.
Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 1988 жылы туған Г. және 1978 жылы туған А. есімді ер адам қайтыс болды. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен А.Типикин мырза ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы және 10 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
– Қазіргі уақытта сотталған Т. есімді ер адам жазасын орташа қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатыр. Биыл жоғарыда аталған баптың санкциясы күшейтілгенін атап өткен жөн, – деп толықтырды Рауан Манап.