303
Елімізде кинотеатрлар қашан ашылады − комиссия шешімі
Елімізде кинотеатрлар қашан ашылады − комиссия шешімі
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады.
Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.
2020 жылғы 1 маусымнан бастап:
1) Өңіраралық блок-бекеттер алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.
2) Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобус жолаушылар тасымалдары қайта жаңғыртылады.
Жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.
3) Фитнес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады;
4) Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.
5) Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институтарының және ғылыми орталықтардың жұмысы іске қосылады.