359
Еуроодақ экономикасын қалпына келтіруге 750 млрд еуро бөлінеді
Еуроодақ экономикасын қалпына келтіруге 750 млрд еуро бөлінеді
Еурокомиссия Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 750 миллиард еуро бөлу көзделген. Бұл – одақтың жылдық бюджетінен 4 есе асатын сома. Жоспар жеті жыл мерзімге қарастырылған. Бөлінетін қаржының 40 пайыздан астамы коронавирус пандемиясынан ең ауыр зардабын тартқан елдерге бағытталмақ. Атап айтқанда, Италия 173 миллиард еуро, ал Испания 140 миллиар еуро алуы мүмкін.
«Еурокомиссия «Еуроодақтың келесі ұрпағы» бағдарламасына 750 миллиард еуро жинайды. 500 миллиард еуро грант түрінде, ал 250 миллиард еуро несие ретінде беріледі. 1,1 триллион еуро мөлшеріндегі Еуроодақтың жаңартылған ұзақ мерзімді бюджетімен қоса одағымыздың негізгі қаржылық жоспары 1 триллион 850 миллиард еуро құрайды», - дейді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.
Алдағы уақытта бағдарлама Еуропарламент пен Еуроодақ кеңесінде талқыланбақ.
Айта кетейік, бұған дейін Еурокомиссия Еуроодақ экономикасы биыл 7,7 пайызға төмендейтінін болжаған.