27 Мамыр, 21:05 1479 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алакөлде шомылу маусымы 13 маусымнан басталады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Айдынды Алакөлде шомылу маусымы 13 маусымнан басталады. Шипалы көл екі облыстың аумағында орналасқандықтан екі өңірдің туристік нысандары бір күнде жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Туристердің көлге жетуін жылдамдату үшін Үшарал қаласына Нұр-Сұлтан, Алматы және Талдықорған қалаларынан ұшақтар қатынайды. Сондай-ақ, облыс бюджетінен темір жол байланысы субсидияланбақ.

Ал Жетісу өңіріндегі кейбір туристік нысандар мәселен Көлсай көлдері, Алтынемел ұлттық парктері, Ұйғыр ауданының термалды суларының демалыс орындары жұмысын бірінші маусымнан бастамақ. Барлық туристік нысан иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау міндеттеледі.

«Өзіміз субсидия бөліп күніне, аптасына емес, күніне 5-6 рет ұшақ Талдықорғаннан Үшаралға қатынайтын болады. 20-дан астам вагон Алматыдан Ақшиге дейін туристерді жеткізеді», – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Естеріңізге сала кетейік, жылдан-жылға Алакөлге келушілер саны артуда. Мәселен, осыдан 5 жыл бұрын демалушылардың саны 400 мыңға жетер-жетпес болса, былтыр көлге келген туристердің саны 1,5 млнға жуықтаған.

Соңғы жаңалықтар