Блокбекетте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі

Блокбекетте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі

Блокбекетте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі
ашық дереккөзі
Алматы әкімі онлайн брифинг барысында блокпоста болған апаттан қайтыс болған екі полиция қызметкерінің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. Қала әкімі көз жұмған полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты. «Өте өкінішті жағдай. Отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қала әкімдігі бұл бағытта жұмыс жасады. Кәсіпкерлер тарапынан екі отбасыға 2 пәтер алып беру туралы ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ, туыстар тарапынан айтылған барлық қаржылық мәселелерге барынша көмек көрсететін боламыз», – деді Бақытжан Сағынтаев.