Жасанды интеллект – цифрлық болашақтың негізі

Жасанды интеллект – цифрлық болашақтың негізі

Жасанды интеллект – цифрлық болашақтың негізі
ашық дереккөзі
946
Microsoft корпорациясы жұмыс орнында жасанды интеллектті пайдалану қызметкерлерді анағұрлым тапқыр және қабілетті ететіні туралы KRC жаңа халықаралық зерттеулерінің деректерін жариялады. 2020 жылдың наурыз айында өткізілген сауалнамаға 20 елдегі ірі компаниялардың 12 000 қызметкері қатысты. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ірі кәсіпорындар іскерлік басымдықтарды орналастыру, жалпы жағдайды талдау, сондай-ақ оңай тапсырмаларды орындауды автоматтандыру үшін жасанды интеллект қолданудан айтарлықтай пайда көреді. «Бұл барлық компаниялар үшін көлеміне, секторына немесе орналасқан жеріне қарамастан теңдесі жоқ сәт. Алдағы айлар мен жылдардың пандемияға және оның салдарларына бейімделуге көптеген компаниялар үшін шешуші маңызы бар. Жасанды интеллект цифрлық болашақтың негізі болып табылады. Біз жасанды интеллект осы қиын кезеңде компанияларға икемді және бәсекеге қабілетті болуға көмектесу үшін маңызды рөл атқаруды жалғастырады деп есептейміз. Адамның тапқырлығын арттыру үшін осы технологияны пайдалану жасанды интеллекттің басты әлеуеті болып табылады. Сондықтан, адамның дағдыларын дамытуға, сондай-ақ жаңа цифрлық технологияларды енгізуге назар аударуды жалғастыру маңызды», – деп Қазақстандағы Microsoft компаниясының бас директоры Тибор Колеяк атап өтті Зерттеу нәтижелері бойынша, жасанды интеллектті ұзақ уақыт бойы қолданған компаниялардың көрсеткіштері жоғары. Аға-менеджерлердің 84,7 пайызы және ұзақ уақыт бойы жасанды интеллектті пайдаланған компаниялар атынан өкілдік ететін қызметкерлердің 62,1 пайызы өздерін «қосымша шындық қызметкерлері» ретінде сезінетінін айтты. Себебі жасанды интеллект оңай міндеттерден бастап күрделі шешімдер қабылдауға дейін олардың күнделікті жұмысына қатысады. Жасанды интеллектпен басқарылатын компаниялардың көпшілігі (80,6 пайыз) процестерді оңтайландырудан ұтады. Сонымен қатар, олардың қызметкерлері өз бетімен алдына қойылған міндеттерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдаланады. Ұзақ уақыт бойы жасанды интеллект қолданатын компаниялардың өкілдерінің 56,7 пайыз жасанды интеллект жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытуға көмектесетінін айтты. Бұл туралы жасанды интеллектті пайдаланудың бастапқы кезеңдерінде респонденттердің 28,1 пайызы ғана мәлімдеді. Жасанды интеллект саласындағы сарапшы және Exponential View негізін қалаушы Азим Азардың айтуынша, «жаңа жағдайда компанияларға өз қызметін қайта бастау үшін қызметкерлердің тапқырлығы қажет. Инновациялық және икемді ұйымдар клиенттермен, серіктестермен және басқа да мүдделі тараптармен жаңа қарым-қатынас құруға неғұрлым жақсы дайын. Зерттеуге сәйкес, жасанды интеллектті өз басқаруында пайдаланатын компаниялардың жағдайы жақсы, өйткені олар адамдарды жан-жақты дамытуға және өз қызметкерлерінің қабілетін жаңа технологияларды пайдалану арқылы арттыруға көп көңіл бөледі». Басқаруына жасанды интеллект қатысы бар барлық компаниялар (93,9 пайыз) қызметкерлерін қосымша оқытуға қаржы бөлінгенін немесе оны жақын арада жасауды жоспарлап отырғанын растайды. Бұл компаниялар өз қызметкерлерінің деректерді талдаудан коммуникацияға дейінгі әртүрлі дағдыларын дамытады.

Серіктес жаңалықтары