23 Мамыр, 11:49 410 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қарағандыдағы «Сұрыптау» стансасында өрт шықты

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қарағанды қаласының «Сұрыптау» стансасында 12 өрт сөндіруші және екі арнайы техника тілсіз жаумен күресті. Жеке үйдің жанындағы қораның шатыры жанып кетті, өрт жақын тұрған нысандарға таралмады, – деп жазды ҚазАқпарат.

22 мамыр күні сағат 12:29-да «101» желісіне «Сұрыптау» стансасындағы өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 12:38-те келіп жеткен кезде шаруашылық құрылыстар блогында ағаш қора жанып жатқан. Жалынға орнаған қораның шатыры құлаған. Өрттің гараждарға таралу қаупі туындаған.

«Өрт сөндіру барысында 4 газ баллон шығарылды. Сағат 13:31-де өрт сөндірушілер гараждарға оттың таралуына жол бермей, жалынды толығымен сөндірді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД №12 (Сұрыптау) және №7 (Майқұдық) өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 12 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар