Шымкентте қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылады – әкімдік жауабы

Шымкентте қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылады – әкімдік жауабы

Шымкентте қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылады – әкімдік жауабы
ашық дереккөзі
Шымкентте мейрамханалар мен дәмханалар әзірге ашылмайды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік желідегі  парақшасында мәлімдеді. «Кейбір әлеуметтік желілерде қоғамдық тамақтану орындары (асхана, кафе, ресторан, барлар) және спорт залдары ашылады деген хабарлама тарап, тіпті кейбір кәсіпкерлеріміз дайындыққа кірісіп кетіпті. Әкімдік тарапынан әзірге ондай қаулы қабылданып, шешім шықпады. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы нысандарды ретімен іске қосуға тапсырма бергенімен, қалаларда ол процесс эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асады. Бәріміз карантиннің аяқталуын асыға күтіп, саябақ, базарға шыққанымызға қуанып, санитарлық талаптарды ескерусіз қалдырып жатырмыз. Өкінішке қарай, қаламызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбеюде. Сол себепті қаладағы барлық нысанға санитарлық талаптардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар шектеулер қойылады», - деп жазды Мақсұт Исахов. Айта кетейік, өткен тәулікте Шымкентте 31 адамнан коронавирус анықталып, қалада індет жұқтырғандардың жалпы саны 539-ға жетті. Ал республика бойынша бір күн ішінде 363 адамның қатерлі вирус жұқтырғаны белгілі болды. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны – 7597. Індет таралғалы 35 науқас көз жұмды.