Жаңалықтар

25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданады

25 мамырдан бастап Алматыда аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысы жанданады.

«Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында. 

Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.

 

Back to top button