Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 8 аймағында дауылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, еліміздің батысында, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының кей жерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Солтүстік Қазақстан мен Ақмола, Түркістан және Қызылорда облыстарында найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел тұрады.

Back to top button