Қызылордада вагонды паналап жүрген көп балалы отбасыға пәтер берілді

Қызылордада бұған дейін вагонды паналап келген көп балалы ана Гүлнар Қалибаеваға баспана кілті табыс етілді.

Бұл отбасы туралы жергілікті журналистер мен қайырымды жандар әлеуметтік желі беттерінде мәселе көтергенін білеміз.

Гүлнар бірнеше жыл бұрын отағасынан айрылған. Төрт баламен жалғыз қалған әйелдің тұрақты баспанасы жоқ, пәтер жалдап күн көріп жүрген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған.

«Осы жағдайдан кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен бұл отбасы әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Кеше тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды», – деді жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Back to top button